Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат беру

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат беру

(бұдан әрі – Қайта өңдеу шарттары туралы құжат)

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат беру тауарларды әкелу/әкету кедендік баждарын төлемей, өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету/әкелу мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті береді.

Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен «Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру қағидалары» бекітілген.

Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алуға өтінішті беру және қарау тәртібі «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығымен белгіленген (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 671 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді

Порталда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың), тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын, өңдеу өнімдеріндегі қалдықтар мен қалған қалдықтардағы тауарларды сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшаның және (немесе) оларға толықтырудың электрондық көшірмесі;

3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен жіктелуін, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

4) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:

Сала

Телефон нөмірі

  1.  

Түсті металлургия және сирек металдар

75-49-28

  1.  

Қара металлургия және көмір өнеркәсібі

75-48-97

  1.  

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

75-48-91

  1.  

Машина жасау

75-48-79

  1.  

Жеңіл өнеркәсібі

75-48-78

  1.  

Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі

75-48-82

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1800000392 № 392

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012195 № 906

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті