Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп

2018 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

I. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

1. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар туралы ақпарат:

2018 жылы «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін ИДӨҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Қазандық және газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Б.С. Курмангалиев «ескерту» түріндегі (05.03.2018ж. №11-жқ бұйрығымен), ИДӨҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің Қазандық және газ шаруашылықтары, көтергіш құрылғылар, нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы - мемлекеттік инспектор В.Ю.Каменских «ескерту» түріндегі және осы бөлімнің бас маманы-мемлекеттік инспектор А.А.Ниязбеков «сөгіс» түріндегі (10.07.2018ж. №13 бұйрық) тәртіптік жазаға тартылды.  

«Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары мен олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама беру» (үш рет), «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» (екі рет) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін ИДӨҚК Тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының сарапшысы А. Сейтмуханова «ескерту» түріндегі (2018ж.09.07 №51-ж бұйрық) және Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Е. Дуйсенбаев «ескерту» түріндегі (2018ж.07.08 №61/1-ж бұйрық) тәртіптік жазаға тартылды. 

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін ИДӨҚК-нің Химия және фармацевтика өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Қ. Дюсамбаев әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 180000753000009 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасына сәйкес Қ. Дюсамбаев осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін 10 АЕК (24050 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл төледі.

«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін ИДӨҚК Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Қ.Н. Қаржаубаев «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (26.12.2018ж. №103-ж бұйрық).

«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру», «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша шаралар қабылданатын болады.

2. Көрсетілетін қызметті берушілердің ұсынымдарды орындағаны және орындамағаны және оларды орындамау себептерін көрсете отырып, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша жасалған ұсынымдар:

2018 жылы – жоқ.

II. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторингі нәтижелері туралы ақпарат.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсету:

2018 жылы ИДӨҚК 31 мемлекеттік қызмет көрсетті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын  мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомстволық комиссия (бұдан әрі - ВАК) шеңберінде мынадай шешімдер қабылданды:

- оңтайландыру мен автоматтандыруға 20 мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

- жоюға 7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (жұмыс жүргізілуде);

- басқа мемлекеттік органдарға беру 3 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (ҚР ҚАӨМ-ге берілді);

- ӨРҰ-ға беру 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (жұмыс жүргізілуде).

«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру»;

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру»;

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»;

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру»;

«Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру»;

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру»;

«Экспорттық бақылауға жататың өнімнің транзитіне рұқсат беру»;

«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»;

«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»;

«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу»;

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»;

«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру»;

«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»;

«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру»;

«Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды»;

«Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды»;

«Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісі»;

«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»

«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру»;

«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер оңтайландырылды және автоматтандырылды, олар бойынша жол карталары бекітілді. Барлығы 13 жол картасы, олардың ішінде:

  1. 2019 жылы іске асыру мерзімімен – 3 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 3 жол картасы;
  2. 2018 жылы іске асыру мерзімімен – 17 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 10 жол картасы.

«Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бір жол картасы іске асырылды.

19 мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 12 жол картасы іске асыру сатысында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында жол карталарында көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен байланысын болдырмау көзделген, құжаттарды қабылдау және беру «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»; «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»; «Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 356 қаулысының 1-тармағына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (03.09.2018ж. № 548 ҚРҮҚ) сәйкес ҚР ҚАӨМ-ге берілді.

4. Тізілімге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге қатысты (нормативтік құқықтық актілердің атауын, нөмірін және күнін көрсетумен):

5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру»; «Экспорттық бақылауға жататың өнімнің транзитіне рұқсат беру»; «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»; «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»; «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 18.09.2013ж. № 983 қаулысына көрсетілетін қызметті берушіні, мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз нысанын алып тастау, құжаттар қабылдау және беруді «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асыру және т.б. бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (03.09.2018ж. № 548 ҚРҮҚ). 

2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»; «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» бойынша ҚР АКМ-ге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 18.09.2013ж. № 983 қаулысына көрсетілетін қызметті берушіні, мемлекеттік қызмет көрсетудің қағаз нысанын алып тастау, құжаттар қабылдау және беруді «электрондық үкімет» веб-порталы және арқылы жүзеге асыру және т.б. бөлігінде өзгерістер енгізу туралы 02.10.2018ж. №02-07/36150-И және 19.10.2018ж. №12-07/40877 хаттармен ұсыныс берілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013ж. № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҮҚ жобасы ҚР ПМК-да қарауда (19.10.2018ж. ПИ-14885).

11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жол карталарының шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына құжаттардың мерзімдерін, тізбелерін қысқарту және т.б. бөлігінде өзгерістер енгізілді.

- «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР ИДМ-нің 10.09.2015ж. № 906 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР ИДМ-нің 23.09.2018ж. № 671 бұйрығы қабылданды;

- Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру»; «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»; «Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру»; «Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру»; «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру»; «Экспорттық бақылауға жататың өнімнің транзитіне рұқсат беру»; «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру»; «Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР ИДМ-нің 30.04.2015ж. № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ИДМ-нің 28.12.2018ж. № 964 бұйрығы қабылданды. 

- Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»; «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР ИДМ-нің 28.04.2015ж. № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ИДМ-нің 27.12.2018ж. № 926 бұйрығы қабылданды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР ИДМ-нің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер күшіне енгеннен кейін «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» ҚР ИДМ-нің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін болады.   

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (03.09.2018ж. № 548 ҚРҮҚ) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен алу туралы» жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосылды. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ-нің 27.11.2018ж. № 822 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша регламент ҚР ИИДМ ЗД-де келісуде.  

5. Жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді айқындау бойынша жүргізілген жұмысқа және Тізілімді жүргізу бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге қатысты:

2018 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен алу туралы» бір жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықталды және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне енгізілді (03.09.2018ж. № 548 ҚРҮҚ).

6. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсетумен бас тартуға қатысты:

2018 жылы дәлелді бас тарту жауабы - 7324

7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсетумен бұзушылықтар фактілерін анықтау туралы ақпарат:

2018 жылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың 11 анықталды.

8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдарда белгіленген мерзімдерінің олардың санын, себептерін және олар бойынша қабылданған шараларды көрсетумен бұзушылықтарды есепті кезеңде қарастырылғандығы туралы ақпарат:

2018 жылы улар бойынша лицензия алу үшін Комитеттің сұрауы бойынша ИДӨҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары жүргізген тексеру актісімен келіспеу туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына «Өндірістік-коммерциалық фирма «Фан»  ЖШС-нан 04.01.2018ж. №ПИС-ФАН-01-МЛ-003383 және 16.01.2018ж. № ПИС-ФАН-01-ЗП-003419 өтініші қаралды.

Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы Е.М. Серимов «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (07.06.2018ж. № 39-ж бұйрық).

Сондай-ақ «Өндірістік-коммерциалық фирма «Фан»  ЖШС-ның 19.04.2018 №18064935 өтініші бойынша 26.04.2018ж. №18008512 лицензия берілді.

«Батыс Мэнпауер Солюшнс» ЖШС-ның ИДӨҚК мен оның лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері туралы 29.10.2018ж. № 301/10 шағымы қаралды. 

2018 жылғы 6-16 қараша аралығындағы кезеңде ҚР ИДМ ИДӨҚК-ге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Комитет тарапынан ҚР заңнамасын мерзімдерді сақтау және дәлелді бас тарту жауабын беру бөлігінде бұзылмағаны анықталды.  

9. Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қабылданған шараларды көрсетумен қалпына келтіруге қатысты:

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуы анықталған жоқ.

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндірме шараларына қатысты:

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша түсіндірме шаралары телефон арқылы ауызша тәртіпте жүргізілді, Комитеттің сайтында жарияланды, Комитетке және Министрдің блогына ресми түрде жүгінген кезде жауаптар жазбаша түрде жолданды.

Индустриялық  даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Департаменттерінде кәсіпорындар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру, өнеркәсіптік объектілердегі Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын реттеу бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 36 нөмірінде ИДӨҚК-нің ОҚО бойынша департаменттері көрсететін мемлекеттік қызметтердің түрлері мен тәртіптері туралы, қызметтерді көрсетуге жауапты адамдар туралы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары туралы ақпарат орналастырылды.   

ИДӨҚК-нің Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде кәсіпорындар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру бойынша, Қағидалардың, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзу фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ осы облыстардың департаменттері қызметкерлерінің арасында сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу бойынша семинар-мәжілістер өткізілді.   

«ТАRAZ JAMBYL» қоғамдық-саяси апталық газетінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына өзгерістер енгізуге қатысты мақала жарияланды.

ИДӨҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Jambyl» радиосына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сұхбат берді. 

2018 жылғы 13 қарашада Департамент басшысы мен бұқаралық ақпарат құралдары журналисттерінің қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында брифинг өткізілді.    

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттырудан өткен адамдар туралы мәлімет:

2018 жылдың 18-21 қыркүйегі аралығындағы кезеңде ИДӨҚК-нің Ақмола облысы бойынша Департаментінің қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Е.Ғ. Сейтхалиев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының» Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2018 жылдың 22-24 қазаны аралығындағы кезеңде ИДӨҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаментінің салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Б. Дауталиева, мұнай-химия, химия, магистральдық құбарлар және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы А.Т. Шамилова, қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар мен нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С.А. Мустафина «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының» Павлодар облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2018 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығындағы кезеңде ИДӨҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің қазандық шаруашылығы объектілерін және қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Б.Б. Сарепов және 2018 жылғы 25 және 27 қыркүйек аралығындағы кезеңде осы бөлімнің бас маманы Г.Г. Жумагазиева «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының» Алматы қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті