Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Энергия үнемдеу символын әзірлеуге арналған конкурс өткізу туралы ЕРЕЖЕ

  1. Конкурстың алғышарттары мен мақсаттары

Энергия үнемдеу символын әзірлеуге арналған конкурс «Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мейрамының 10-шы мерейтойының қарсаңында өткізіледі.

«Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы» (SPARE) халықаралық экологиялық желінің бастамасымен 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып жарияланды (International Day of Energy Saving). Осы мейрамды құру туралы шешім 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткізілген SPARE үйлестірушілерінің халықаралық мәжілісінде қабылданды. Ал 2008 жылдың қарашасында әлем алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды, себебі 20-ға жуық ел жобаға қатысуға тілек білдірді. Мерекенің негізгі мақсаты - ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуға билік пен жұртшылықтың назарын аудару.

Осыған байланысты Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының энергияны үнемдеу символын әзірлеуге арналған конкурс өткізеді. Жобаның бас серіктесі - Eurasian Resources Group (бұдан әрі - ERG). Серіктестер: Қазақстан Энергоаудиторлар Қауымдастығы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы / ҒЭҚ және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ.

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамыту жөніндегі ниетін көрсететін стильді және танымал символды әзірлеу және одан әрі белсенді пайдалану.

Конкурсқа қатысушылар ықшам және технологиялық сипатта болуы тиіс сипаттама (тарихы мен туындау себептері, идеялары мен байланысы, философиясы және миссиялары) бар стильдендірілген белгі - энергияны үнемдеу идеограммасын әзірлеу керек. Таңба мәтінді қолданумен де, мәтінсіз де орындалуы мүмкін. Бұл ретте, стильдендірілген белгі кез-келген бетке оңай қолданылуы, кез келген тасығышта анық және бұрмаланбай көрсетілуі, өлшемі өзгерген кезде оқылуы сақталуы, қарама-қарсы және қара-ақ түспен танылатын болуы тиіс. Символды әзірлеген кезде Қатысушылар Конкурс тақырыбына сай келетін жаңа түпнұсқа идеялардың айқын және түсінікті көркемдік-графикалық бейнелеріне ұмтылуы қажет, ал Символдың өзі заманауи, әлемдік дизайнерлік үрдістер мен графикалық өнердің рухында орындалуы тиіс.

  1. Жалпы ереже

2.1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу символы» Конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау қағидаттарын белгілейді.

2.2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жалпы қолжетімділік, жеке тұлғаның еркін дамуы және Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық еркіндігі қағидаттарында құрылады.

2.3. Конкурсқа қатысуға жеке және ұжымдық авторлық дизайнерлік жобаларға рұқсат етіледі.

2.4. Конкурс – жалпы ұлттық болып табылады, оған жасына қарамастан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қатыса алады, бұл ретте төменгі шегі - 7 жас.

2.5. Бұл символ Қазақстан Республикасында энергия үнемдеудің ресми символы ретінде қабылданады және энергия тұтынатын жабдықтарды, қондырғыларды және т.б. таңбалауды қоспағанда, ресми құжаттарды, түрлі ақпараттық, кәдесый және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырумен байланысты өзге де өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында ресімдеуді қалайтын кез келген тұлға пайдаланатын болады.

2.6. Конкурстың жеңімпазы жұмыстың айрықша құқығын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне шексіз мерзімге, аумағын шектеместен және Сыйлықтан басқа қандай да бір сыйақыларды  төлемей, толық көлемде береді.

2.7. Айрықша құқықты табыстау Сыйлықты алу/беру сәтінде жүзеге асырылады.

2.8. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Конкурстың қазылар алқасы анықтайды. Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі: Кәсіби, Халықтық және Балалар номинациясы.

  1. Конкурстың ұйымдастырушылары

3.1. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ҚР ИДМ) болып табылады.

3.2. Ұйымдастырушы мен серіктестер бірлесіп жалпы басқаруды және бақылауды, Конкурстың шеңберіндегі іс-шараларды жедел басқаруды жүзеге асырады.

3.3. Ұйымдастырушы өзінің Интернет-ресурсында Конкурс туралы ережені орналастырады және серіктестермен бірлесіп оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

3.4. Ұйымдастырушы Конкурстың қазылар алқасының құрамын бекітеді. Әріптестер қазылар алқасында 1 (бір) дауыс беру құқығына ие. Қазылар алқасының құрамына басқа ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

3.5. Ұйымдастырушы Конкурстың ақпараттық серіктестерін шақырады және Конкурс туралы ақпаратты интернет сайттарында, баспа басылымдарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

3.6. Ұйымдастырушы мен серіктестер Конкурсты ұйымдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді, қазылар алқасының қызметін бірлесіп жүзеге асырады.

3.7. Серіктес Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады және Конкурс жеңімпаздарына сыйлықтар және қатысушыларға дипломдар береді.

3.8. Ұйымдастырушы мен серіктестер бірлесіп тәртіп орнатады және Конкурс нәтижелерін тіркеуді жүргізеді.

3.9. Ұйымдастырушы мен серіктестер Конкурстың қатысушылары мен жеңімпаздарының сауалнамалары мен жұмыстарына бірлесіп есеп жүргізеді.

3.10 Жеңімпаздарды марапаттау «Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мейрамының 10-шы мерейтойына орайластырылады.

  1. Конкурс қатысушылары

4.1 Конкурсқа Қазақстан Республикасының 7 жастан асқан әрбір азаматы, жеке және бейресми ұжымдардың құрамында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кез келген ұйымдық-құқықтық нысандардың заңды тұлғалары ретінде қатыса алады, бұл ретте, әрбір қатысушы жұмысқа қойылатын барлық талаптарды сақтаған жағдайда, үшеуден аспайтын жұмыс жасай алады.

Ұйымдастырушының және серіктестердің Конкурс өткізу процесіне тікелей қатыстырылған жұмыскерлеріне Конкурсқа қатысуға тыйым салынады.

4.2. «Кәсіби» номинациясына қатысу үшін Қатысушы Символдың эскизді жобасын электронды түрде (jpec форматында, ал жеңімпаздар Corel Draw бағдарламасында, конкурстың нәтижелерін жариялағаннан кейін) ұсынуы тиіс.

4.3. Анонимді жұмыстар (конкурсқа қатысушы / қатысушылар туралы мәліметтері жоқ) Конкурсқа қатысуға жіберілмейді және қарастырылмайды.

4.4. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарда, авторлығын Қатысушы растай алмайтын материалдарды, Интернеттен немесе басқа да көздерден алынған материалдары, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңдарын бұзатын материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

4.5. Символға бұрын қолданылған ресми белгілерден (іс-шаралар, көрмелер және т.б.) алынған бейнелерді және / немесе олардың фрагменттерін қосуға болмайды.

4.6. «Халықтық» және «Балалар» номинацияларында кез келген бағдарламалық өнімде орындалған Символдар қабылданады, суреттер кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.) жасалуы және кез-келген сурет салу техникасында (май, акварель, тушь, түсті қарындаштар, борлар және т.б.) орындалуы мүмкін, бұл ретте Конкурсқа ұсынылған жұмыстар электрондық түрде (JPEG немесе PDF форматында) болуы тиіс, бейненің көлемі 10 Мб-тан аспау керек.

  1. Марапаттау

5.1 Жалпы жүлде қоры 1 300 000 теңгені құрайды және ERG тұлғасындағы серіктестен бөлінеді.

5.2 «Кәсіби» номинациясының жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды. «Халықтық» және «Балалар» номинацияларының жүлде қоры әрқайсысы 150 000 теңгені құрайды.

5.3 Конкурсқа қатысу үшін өтінім ұсынған кезде қатысушы үш номинацияның біреуін таңдауы тиіс. Олай болмаған жағдайда өтінім қарауға жатпайды.

5.4 «Кәсіби» номинациясындағы жұмысты өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін ғана көруге болады (идеяның плагиатына жол бермеу үшін), бірақ басқа номинацияларда Ұйымдастырушы оларды түсу шамасы бойынша сайттарға шығару құқығын өзіне қалдырады.

5.5 Сыйлыққа салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жүлдеге ие болған конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық салықтарды және қолданыстағы басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жауап береді.

  1. Конкурс өткізудің мерзімі

Конкурс 2018 жылғы 20 маусымнан 2018 жылғы 11 қарашаға дейін жүргізіледі, бұл ретте:

- 2018 жылғы 20 маусымнан 2018 жылғы 1 шілдеге дейін конкурстың ақпараттық анонсы жүргізіледі;

- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 тамызға дейін конкурстық жұмыстарды қабылдау жүзеге асырылады;

- 2018 жылғы 1 тамыздан 30 тамызға дейін байқаудың қорытындыларын шығару жүргізіледі.

Жүлде 2018 жылғы қарашада Энергия үнемдеу күнінің  10-шы мерейтойына арналған іс-шара шеңберінде табысталады.

  1. Жұмысты ұсыну шарттары

7.1 Конкурсқа қатысу үшін жұмыстар 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 тамызға дейін кез келген уақытта электрондық пошта арқылы қабылданады.

7.2 Қатысушы Конкурсқа қатысу үшін өзінің жұмысын, жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын кері қайтарып алуға құқылы.

7.3 Конкурсқа қатысушы конкурсқа ұсынылған мәліметтердің сенімді екендігіне кепілдік береді.

7.4 Конкурсқа жұмысты жіберіп, Қатысушы кез-келген баспада, интернет-ресурстарда, аудио және бейне материалдарда, соның ішінде жарнамалық мақсаттарда өзінің жеке деректерін және фотосуреттерін тегін пайдалануға келісім береді.

7.5 Конкурсқа жұмысты жіберіп, Қатысушы осы Ережеде айтылған барлық шарттарды қабылдайды.

7.6 Конкурсқа жұмысты жіберіп, Қатысушы оның түпнұсқалылығына кепілдік береді және үшінші тұлғалардың наразылығы болған жағдайда, бөтен зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану туралы талаптар қойылған жағдайда жауапты болады.

7.7 Конкурстық жұмыстар - бұл эскизді жоба, оның құрамына мыналар кіреді:

а) Символдың ақ-қара бейнесі;

б) Символдың түсті бейнесі (эмблема-символдың түсті және ақ қара бейнесі бірдей мөлшерде болуы тиіс);

в) түсіндірме жазбада оның аты / атауы, тарихы және туындау себептері, символ идеясы сипатталады.

7.8 Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар:

- жұмыстарда автордың өз шығармашылық көзқарасы, сонымен қатар өткен, бүгінгі және болашақтағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға байланысты автордың қиялдары және ассоциативті ойлауы көрсетілуі мүмкін;

- жұмыстар Конкурс тақырыбына сай келуі және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы насихатты көрсетуі тиіс;

- әрбір жұмысқа өтініш толтырылуы тиіс, ол өтініште - автордың / авторлардың тегі мен аты, жасы, жұмыс орны / оқу орны, пошталық мекенжайы, немесе ұйымның (заңды тұлғалар үшін) атауы; электронды мекен-жайы, автордың немесе оның заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар үшін) байланыс телефоны, сондай-ақ қатысушы қатысатын номинациялардың атаулары толтырылуы тиіс;

- жұмыс Конкурсқа электронды пошта арқылы жіберіледі, сонымен бірге бекітілген нысанға сәйкес өтінішпен бірге беріледі (жеке авторлар үшін 1-кестені және шығармашылық ұжымдар үшін 2-кестені қараңыз).

  1. Конкурстың қазылар алқасы және конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемшарттары

8.1 Қазылар алқасының құрамы қысым фактілерін болдырмау үшін қорытынды шығарылғанға дейін жарияланбайды.

8.2 Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысына тексеруді жүзеге асырады.

8.3 Қазылар алқасы конкурстың жеңімпаздарын және лауреаттарын іріктеу өлшемшарттарының бірлігін қамтамасыз етеді.

8.4 Қазылар алқасы конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттауға қатысады.

8.5 Конкурстың қазылар алқасының конкурс қатысушыларының жұмыстарын бағалау бойынша жұмысы конкурстың соңғы күнінде басталады.

8.6 Қазылар алқасы негізгі бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып, өздерінің тәжірибесі негізінде субъективті бағалау арқылы, конкурсына ұсынылған суреттерге сараптамалық бағалауды жүзеге асырады.

8.7 Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

8.8 Конкурстық жұмыстарды бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең: Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша екінші кезеңге қатысу үшін ең перспективалы жұмыстарды ұжымдық түрде іріктейді.

Екінші кезең: Қазылар алқасы екінші кезеңге іріктелген суреттерге 0-ден 10 ұпайға дейін бағалау өлшемшарттарына сәйкес сараптамалық бағалауды жүзеге асырады. Жеңімпаздар барлық қазылар алқасы мүшелерінің барлық бағалау өлшемшарттары бойынша алған ұпайларының ең үлкен жиынтығымен айқындалады (3-кестені қараңыз).

1-кесте

 

Авторлардың конкурсқа жеке тәртіпте жіберетін жұмыстарына

өтінім

 

Деректер тізбесі

Толтырылатын деректер

1.

Автордың Тегі, Аты

 

2.

Автордың жасы

 

3.

Жұмыс/оқу орны

 

4.

Автордың тұрғын үй мекенжайы

 

5.

Автордың байланыс телефоны

 

6.

Автордың электрондық поштасы

 

7

Номинация атауы

 

8

Энергия үнемдеу символының эскизді жобасының авторлығын растаймын және осы жобада жеңіске жеткен жағдайда, сыйлықты алған кезімде, Осы символға басым құқықтар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне өтетініне келісемін.

Автордың қолы, не кәмелетке толмаған қатысушылар үшін Т.А.Ә және туыстық дәрежесін көрсете отырып, автордың ата-анасының біреуінің қолы

 

9

Символдың авторлығын растаймын және конкурс өтетін кезде және конкурс аяқталғаннан кейін де суреттің кез-келген басылымдарда жариялануына, кез-келген акцияларда кез-келген тәсілмен көрсетілуіне келісемін және  авторлық қаламақы  төлеуді талап етпеймін.

Автордың қолы, не кәмелетке толмаған қатысушылар үшін Т.А.Ә және туыстық дәрежесін көрсете отырып, автордың ата-анасының біреуінің қолы

 

2-кесте

 

Авторлық ұжымдардың конкурсқа жіберетін жұмыстарына өтінім

 

Деректер тізімі

Толтырылатын деректер

1

Авторлық ұжымның байланысушы тұлғасының Тегі, Аты

 

2

Авторлық ұжымның байланысушы тұлғасының байланыс телефоны

 

3

Авторлық ұжымның байланысушы тұлғасының электрондық мекенжайы

 

4

Номинация атауы

 

Авторлар тізімі (Т.А.Ә.)

Жасы

 

Символдың авторлығын растаймын және конкурс өтетін кезде және конкурс аяқталғаннан кейін де суреттің кез-келген басылымдарда жариялануына, кез-келген акцияларда кез-келген тәсілмен көрсетілуіне келісемін және  авторлық қаламақы төлеуді талап етпеймін.

Энергия үнемдеу символының эскизді жобасының авторлығын растаймын және осы жобада жеңіске жеткен жағдайда, сыйлықты алған кезімде, Осы символға басым құқықтар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне өтетініне келісемін.

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

5.

 

 

 

 

6.

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

8.

 

 

 

 

           
 

3-кесте

Екінші кезеңге өткен конкурстық жұмыстардың бағалау парағы

(символдың атауы, ТААӘ)

 

Қазылар алқасының мүшелері

Бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурстық жұмысты бағалау (әрбір критерий үшін 0-ден 10 баллға дейін)

Конкурс тақырыбына сәйкестік

Түпнұсқалық және тақырыпты ашу

Көркемдік құндылық

Барлығы

ҚР ИДМ өкілі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті