Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Энергия үнемдеу балалар көзімен» бірінші Республикалық балалар суреттерінің конкурсы туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Байқаудың алғышарттары мен мақсаттары

«Энергия үнемдеу балалар көзімен» Бірінші республикалық балалар суреттерінің конкурсы «Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мейрамының    10-шы мерейтойының қарсаңында өткізіледі.

«Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы» (SPARE) халықаралық экологиялық желінің бастамасымен 11 қараша Энергия үнемдеу күні болып жарияланды (International Day of Energy Saving). Осы мейрамды құру туралы шешім 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткізілген SPARE үйлестірушілерінің халықаралық мәжілісінде қабылданды. Ал 2008 жылдың қарашасында әлем алғашқы Энергия үнемдеу күнін атап өтті. Бұл мереке халықаралық мәртебеге ие болды, себебі 20-ға жуық ел жобаға қатысуға тілек білдірді. Мерекенің негізгі мақсаты - ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңғыртылатын энергия көздерін дамытуға билік пен жұртшылықтың назарын аудару.

Осыған байланысты Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «Энергия үнемдеу балалар көзімен» балалар суреттерінің конкурсын өткізеді. Жобаның бас серіктесі - Eurasian Resources Group (бұдан әрі - ERG). Серіктестер: Қазақстан Энергоаудиторлар Қауымдастығы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы / ҒЭҚ және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (бұдан әрі – Серіктестер).

Конкурс өсіп келе жатқан ұрпақта экологиялық сананы, тұрақты өмір салтының дағдыларын тәрбиелеу және олардың назарын энергияны пайдалану проблемаларына аудара отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесумен оларды энергия үнемдеудің қарапайым ұстанымдарына үйрету  мақсатында өткізіледі.

  1. Жалпы ереже

2.1 Осы Ереже «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты Балалар суреттерінің конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру, өткізу және қорытындыларын шығару ұстанымдарын белгілейді.

2.2 Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жалпы қолжетімділік, жеке тұлғаның еркін дамуы және Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық еркіндігі қағидаттарында құрылады.

2.3 Байқауға 4 жастан бастап 17 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

2.4 Ұжымдық және анонимді суреттер (конкурсқа қатысушы туралы ақпараты жоқ) конкурсқа қатысуға жіберілмейді және қаралмайды.

2.5 Жұмыстарды білім беру мекемелері (соның ішінде балалардың қосымша білім беру мекемелері) немесе басқа да ұйымдар ұсына алады.

2.6 Конкурсқа жолданңан барлық суреттерді Ұйымдастырушылар алдағы уақытта түрлі акциялар өткізуде, соның ішінде көрмелер өткізу және кітаптар шығару үшін пайдаланылуы мүмкін.

2.7 Жеңімпаздардың суреттері сыйлықтармен белгіленеді.

2.8 Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Конкурстың қазылар алқасы айқындайды.

  1. Конкурстың ұйымдастырушылары

3.1 Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ҚР ИДМ) болып табылады.

3.2 Ұйымдастырушы мен серіктестер бірлесіп жалпы басқаруды және бақылауды, Конкурстың шеңберіндегі іс-шараларды жедел басқаруды жүзеге асырады.

3.3 Ұйымдастырушы өзінің Интернет-ресурсында Конкурс туралы ережені орналастырады және серіктестермен бірлесіп оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

3.4 Ұйымдастырушы Конкурстың қазылар алқасының құрамын бекітеді. Әріптестер қазылар алқасында 1 (бір) дауыс беру құқығына ие. Қазылар алқасының құрамына басқа ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

3.5 Ұйымдастырушы Конкурстың ақпараттық серіктестерін шақырады және Конкурс туралы ақпаратты интернет сайттарында, баспа басылымдарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

3.6 Ұйымдастырушы мен серіктестер Конкурсты ұйымдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді, қазылар алқасының қызметін бірлесіп жүзеге асырады.

3.7 Серіктес Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады және Конкурс жеңімпаздарына сыйлықтар және қатысушыларға дипломдар береді.

3.8 Ұйымдастырушы мен серіктестер бірлесіп тәртіп орнатады және Конкурс нәтижелерін тіркеуді жүргізеді.

3.9 Ұйымдастырушы мен серіктестер Конкурстың қатысушылары мен жеңімпаздарының сауалнамалары мен жұмыстарына бірлесіп есеп жүргізеді.

3.10 Жеңімпаздарды марапаттау «Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мейрамының 10-шы мерейтойына орайластырылады.

  1. Марапаттау

4.1 Жалпы жүлде қоры 1 200 000 теңгені құрайды және ERG тұлғасындағы серіктес бөледі.

4.2 Конкурс шеңберінде мынадай номинациялардағы сыйлықтар бекітіледі:

  • «Үздік сурет» Гран-при иегері (жас ерекшілігіне шектеу жоқ) - «Гран-при» Дипломы + 150 000 теңгеге бағалы сыйлық;
  • «4 жастан 7 жасқа дейінгі жас тобындағы үздік сурет» лауреаты:

-«І дәрежелі лауреат» дипломы + 125 000 теңгеге бағалы сыйлық;

- «ІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 100 000 теңгеге бағалы сыйлық;

- «ІІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 75 000 теңгеге бағалы сыйлық.

  • «8 жастан 12 жасқа дейінгі жас тобындағы үздік сурет» лауреаты:

- «І дәрежелі лауреат» дипломы + 125 000 теңгеге бағалы сыйлық;

- «ІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 100 000 теңгеге  бағалы сыйлық;

- «ІІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 75 000 теңгеге  бағалы сыйлық.

  • «13 жастан 17 жасқа дейінгі жас тобындағы үздік сурет» лауреаты:

- «І дәрежелі лауреат» дипломы + 125 000 теңгеге бағалы сыйлық;

- «ІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 100 000 теңгеге бағалы сыйлық;

- «ІІІ дәрежелі лауреат» дипломы + 75 000 теңгеге бағалы сыйлық.

  • «Компьютерлік графика» арнайы сыйлық (жас ерекшілігіне шектеу жоқ) – «Үздік компьютерлік графика» дипломы + 100 000 теңгеге бағалы сыйлық.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бір қосымша (көтермелеу) марапат  беріледі (үздік идея, үздік техника, әзіл призмасы арқылы арқылы тақырыпты ашуға қатысты көзқарастың ерекшелігі және т.б.) - диплом + 50 000 теңгеге бағалы сыйлық.

Серіктестер Конкурстың жүлде қорына қатысы жоқ өз қаражаттарынан Конкурстың ұнаған  қатысушысын / қатысушыларын қосымша марапаттауға құқылы.

  1. Конкурсты өткізу мерзімі

         Конкурс 2018 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 11 қарашаға дейін жүргізіледі, бұл ретте:

- 2018 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 31 тамызға дейін конкурс туралы хабарландыру жүргізіледі;

- 2018 жылғы 1 қыркүйектен  2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін конкурстық жұмыстарға қабылдау жүргізіледі;

- 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2018 жылғы 31 қазанға дейін конкурстың қорытындысы шығарылады.

  1. Жұмыстарды ұсыну шарттары

6.1 Конкурсқа қатысуға арналған суреттер 2018 жылғы 1 қыркүйектен 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін кез-келген уақытта mid.energy2018@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.

6.2 Қатысушы Конкурсқа қатысуға арналған өз жұмысын жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқьалғанға дейін  кемінде 3 күн бұрын кері қайтарып алуға құқылы.

6.3 Конкурсқа ұсынылатын суреттерге қойылатын талаптар:

- Конкурстың тақырыбы «Энергия үнемдеу балалар көзімен» тақырыбында шығармашылық суреттер болып табылады;

- шығармаларда жас автордың өткен, қазіргі және келешектегі энергия  үнемдеумен немесе энергия тиімділігін арттырумен байланысты нақты құбылыстар мен қиялдар, сондай-ақ ассоциативті ойлауы сияқты өз шығармашылық көрінісі болуы мүмкін;

- суреттер Конкурстың тақырыбына сай келуі және энергияны үнемдеу, энергия тиімділігін арттыруды насихаттауды көрсетуі тиіс (сюжет автордың қалауы бойынша);

- суреттер кез-келген материалға (ватман, картон, кенеп және т.б.) және кез-келген сурет салу техникасында (май, акварель, сия, түсті қарындаш, борлар және т.б.) орындалуы мүмкін;

- компьютерлік графикамен (Corel Draw, Photoshop және т.б.) жасалған жұмыстар үшін жеке номинация бар;

 - Конкурсқа A4 өлшемді қағазда (стандартты альбом парағы) немесе А3-нің түсті немесе ақ - қара (графикте) орындалған сканерленген жұмыстар қабылданады;

- Конкурсқа ұсынылған жұмыстар электронды түрде (JPEG немесе PDF форматында), түсті, бейнелеу көлемі 10 МБ-тан аспауы тиіс;

- конкурсқа арналған суретті тек оның авторы, автордың келісімімен ата-анасы немесе автордың келісімімен оқу мекемесі ұсына алады;

- суреттер ата-аналардың немесе мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы тиіс;

- сурет конкурсқа бекітілген нысанға сәйкес өтініммен бірге электронды пошта бойынша жіберіледі (1-кестені қараңыз);

- әрбір сурет өтініммен бірге көрсетілуі тиіс, онда - автордың тегі мен аты, оның жасы, суреттің атауы, авторлық тұрғылықты жерінің пошталық мекенжайы көрсетіледі;

- автормен немесе оның ата-анасымен байланысқа арналған электрондық мекенжай, сондай-ақ суретті пайдалануға келісім;

- бір баланың Конкурсқа ұсынған жұмыстарының саны 1 суреттен аспауы тиіс.

6.4. Конкурс тақырыбына немесе осы Ереженің 6.3. тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар Конкурсқа қатысуға жіберілмейді және қарастырылмайды.

  1. Байқаудың қазылар алқасы және байқау жұмысын бағалау критерийлері

7.1 Қазылар алқасының құрамы қысым фактілерін болдырмау үшін қорытынды шығарылғанға дейін жарияланбайды.

7.2 Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысына тексеруді жүзеге асырады.

7.3 Қазылар алқасы конкурстың жеңімпаздарын және лауреаттарын іріктеу өлшемшарттарының бірлігін қамтамасыз етеді.

7.4 Қазылар алқасы конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттауға қатысады.

7.5 Конкурстың қазылар алқасының конкурс қатысушыларының жұмыстарын бағалау бойынша жұмысы конкурстың соңғы күнінде басталады.

7.6 Қазылар алқасы негізгі бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып, өздерінің тәжірибесі негізінде субъективті бағалау арқылы, конкурсына ұсынылған суреттерге сараптамалық бағалауды жүзеге асырады.

7.7 Бағалау өлшемшарттары:

  • Конкурстың тақырыбына сәйкестігі;
  • Сюжеттің ерекшелігі және тақырыпты ашудың ерекшелігі;
  • Көркемдік құндылығы.

7.8 Конкурстық жұмыстарды бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең: Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша екінші кезеңге қатысу үшін ең перспективалы жұмыстарды ұжымдық түрде іріктейді.

Екінші кезең: Қазылар алқасы екінші кезеңге іріктелген суреттерге 0-ден 10 ұпайға дейін бағалау өлшемшарттарына сәйкес сараптамалық бағалауды жүзеге асырады. Жеңімпаздар барлық қазылар алқасы мүшелерінің барлық бағалау өлшемшарттары бойынша алған ұпайларының ең үлкен жиынтығымен айқындалады (2-кестені қараңыз).

1 – кесте

 

Конкурсқа жіберілетін суреттерге өтінім

 

Деректер тізімі

Толтырылатын деректер

1.

Автордың Тегі, Аты

 

2.

Автора жасы (толық жасы)

 

3.

Автордың тұрғылықты мекенжайы

 

4.

Суреттің аты

 

5.

Автордың, не автордың ата-анасының электрондық мекенжайы

 

6.

Автордың ата-анасының бірінің Тегі, Аты

 

7.

Автордың ата-анасының біреуінің жұмысорны және лауазымы

 

8.

Суреттің авторлығын растаймын және конкурс өтетін кезде және конкурс аяқталғаннан кейін де суреттің кез-келген басылымдарда жариялануына, ҚР ИДМ кез-келген акцияларда кез-келген тәсілмен көрсетілуіне келісемін және  авторлық қаламақы  төлеуді талап етпеймін.

Автордың, не Т.А.Ә және туыстық дәрежесін көрсете отырып, автордың ата-анасының біреуінің қолы

 

2 – кесте

Екінші кезеңге өткен конкурстық жұмыстардың бағалау парағы

 

_______________________________________________________________

(сурет атауы, ТААӘ)

 

Қазылар алқасының мүшелері

Бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурстық жұмысты бағалау (әрбір критерий үшін 0-ден 10 баллға дейін)

Конкурс тақырыбына сәйкестік

Түпнұсқалық және тақырыпты ашу

Көркемдік құндылық

Барлығы

ҚР ИДМ өкілі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

Шақырылған қазылар алқасының мүшесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті