Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға бір жолғы лицензия алу

Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттау және импорттау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін, бір жолғы лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Лицензия өтініш берушіге белгіленген мерзім ішінде лицензияны қолдану шарттарында бақыланатын өніммен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат болып табылады.

Бір жолғы лицензия бақыланатын өнімнің экспортына/импортына бір шарт (келісімшарт, келісім) шеңберінде, бір түріне (яғни, СЭҚ ТН бір коды)1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығымен бекітілген.

Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 7-қосымшамен белгіленген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500013512 № 949

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636#z163 № 563

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті