Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1710/19
Прохождение отопительного сезона

Жылыту маусымының өтуі

 

2019 жылғы 17 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр А. Қ. Ержановтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың, Cауда және интеграция министрлігінің және қатысуымен коммуналдық тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету бөлігінде жылыту маусымын өткізу мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткізілді .

2019 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша (жедел деректер) көмір өндіруші компаниялар 84,3 млн.тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (86,3 млн. тонна) 97,6% - ды құрайды.

Осы кезеңде елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 57,8 млн. тоннаны құрады, оның ішінде:

- энергия өндіруші кәсіпорындарға 44,0 млн. тонна көмір тиелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% - ға аз;

- өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,3 млн. тонна көмір тиелді;

- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 8,4 млн.тонна көмір тиелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,2% - ды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 2019 жылғы 16 қазанға жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету (2019 жылғы 1 мамырдан 2020 жылғы сәуірге дейін): коммуналдық-тұрмыстық сектор - 87%; халық – 68,4% құрайды.

Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірді жылдық жеткізу кестесін толығымен қамтамасыз етті.

Қазіргі жылыту маусымына кейбір жергілікті атқарушы органдар дайындала алмады ,және жекелеген облыстар бойынша көмірмен қамтамасыз етілу бойынша төмен көрсеткіштер байқалуда. Осы облыстардың әкімдіктерінің өкілдері тыңдалды, олар жылыту маусымы ерекше бақылауда және көмір дайындау жоспарлы режимде жүргізілетініне сендірді.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ-нің өкілі  жазғы тасымалдаулар 1,0 млн.тоннаға төмендету туралы мәлімдеді және үлкен жүктеме тасымалдау күзгі кезеңге түскендігін айтты. «ҚТЖ «ҰК» АҚ-нің жанынан жедел Штаб құрылды және қазіргі уақытта көмір тиеу бойынша айлық өтуде, яғни жартылай вагондар бірінші кезекте көмір тиеуге беріледі.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Tengrinews.kz порталында жарияланған Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің «Сатып алады және екі есе қымбат сатады» атты мақаласына түсініктеме берді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті