Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2908/19
Развитие легкой промышленности: инструменты поддержки, международный опыт, перспективные ниши

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту: қолдау құралдары, халықаралық тәжірибе, перспективалы тауашалар

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп «Altyn Oimaq» форумы мен көременің панельдік сессиясында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Құрмашұлы Баитов сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда, жеңіл өнеркәсіп басым бағыт болып табылады, ол үлкен әлеуметтік мәні бар, жеке пайдалануға арналған өнім өндіреді және сол арқылы адамдардың материалдық әл-ауқатының маңызды компоненттерінің бірін қалыптастырады.

Бұл сала 20–дан астам кіші саланы қамтиды, олар үш негізгі топқа біріктірілген: бұл тоқыма өнеркәсібі 54%, киім өндірісі – 37% және былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі-9%.

2019 жылдың 1 шілдесіне Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде 1016 кәсіпорын жұмыс істейді,оның 96%-ы-шағын кәсіпорындар, олардың тізім саны 13 мың адамды құрайды.

2019 жылдың қаңтар-шілдесінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,3% – ға өсті (2019 жылға жоспар-105%) және 58,7 млрд. теңгені құрады.

9 жыл ішінде жалпы инвестиция сомасы 39,2 млрд.теңгеге 46 жаңа жоба пайдалануға берілді.

2019 жылы жалпы инвестиция сомасы 2,5 млрд. теңгеге 165 жұмыс орнын құрумен 3 жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында "қарапайым заттар экономикасын" дамыту шеңберінде 2018 жылы 5 қазанда Үкімет Қаулысы қабылданды.

Кредиттің мақсаты айналым қаражатын инвестициялау және толықтыру болып табылады.

"Қарапайым заттар экономикасы" аясында бөлінген Екінші деңгейдегі банктердің қаражатын игеруін арттыру мақсатында Үкімет бағдарламаға өзгерістер енгізді.:

- айналым қаражатын толықтыруға арналған лимитті кредит сомасынан 30% - дан 50% - ға дейін ұлғайту;

- бизнес үшін пайыздық мөлшерлемені 8% - дан 6% - ға дейін төмендету%;

- кепіл базасының жетіспейтін бөлігі бойынша мемлекеттің кредитке кепілдік беру құралын енгізуі;

- несиелеудің жеңілдетілген кезеңін енгізу (төлемдер бойынша мерзімін ұзарту).

Бүгінгі күні бағдарлама аясында 2-деңгейлі банктер 2,7 млрд. теңге сомасына жеңіл өнеркәсіптің 15 жобасын мақұлдады.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша Жол картасын әзірледі , ол 54 іс-шараны қарастырады.

"Атамекен" ҰКП базасында "қарапайым заттар экономикасы" жобалық кеңсесі құрылды, оның отырыстарында басым жобаларды несиелеу бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жол карталарын іске асыру мен шешу жолдары талқыланады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті