Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0504/19
Прошла Международная научно-практическая конференция «Инновации в области естественных наук

«Жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

4-5 сәуір күндері Алматы қаласында  «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырудың негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.  Конференцияны Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ы ұйымдастырды.     

Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Ираннан, Швейцариядан, Германиядан және БАЭ-нан 200-ге жуық өкіл қатысты.

Конференция жаратылыстану ғылымдары, минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен өңдеуші сектордағы инновациялық әзірлемелерді, оның ішінде  Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы Елбасының  Жолдауы мен  ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған.  

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, академик Ә.Жәрменов ашты.

«Біз бүгін екі жақты мерейтойды атап өтіп отырмыз. Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының құрылғанынына 10 жыл және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының құрылғанынына  25 жыл», - деді саладағы жетістіктерге тоқталған академик.

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың атынан Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов баяндама жасады.

««ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ы ғалымдары жасаған технологиялар  халықаралық аренада   Қазақстанның беделін арттыратынын атап көрсетті. Бұл елімізді тұрақты изотоптар өндірісінің үштік көшбасшы тізіміне енгізген  осмийлі концентраттарды өңдеу арқылы ең таза осмий-187 изотопын алу технологиясы.  Түрлі континенттерде сапасы төмен қорғасынқұрамды шикізаттан балқытылатын  біріншілік қорғасынның оныншы үлесін өндіріп отырған КИВЦЭТ технологиясы.  Дүние жүзінің көптеген елдерінде  патенттелген және әлемдік металлургия алыбы Thyssen Krupp AG және  POSCO компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып отырған болатты қышқылсыздандыруға және модификациялауға арналған «Қазақстандық» қорытпасын алу технологиясы бар.  Республикада асыл металдың әр үшінші тоннасын алуды қамтамасыз етіп отырған құрамында алтыны бар шикізаттарды өңдеудің бірегей технологиялары енгізілген.  Алынған нәтижелер қазақстандықтардың әл-ауқатын артыруға және мемлекетіміздің нығаюына сөзсіз ықпал етеді», - деді Қ.Баитов. 

Салтанатты жиын «ҚазҰЖҒА» мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң көрнекті ғалымдары мен мамандардын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаттауымен аяқталды.

По итогам 2018 года отмечается положительная динамика основных целевых индикаторов ГПИИР

По итогам 2018 года отмечается положительная динамика основных целевых индикаторов ГПИИР


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті