Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1405/19
Требования промышленной безопасности к системе антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары туралы

2019 жылдың 03 мамырында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде ҚР Үкіметінің 03.04.2015 ж. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 191 қаулысын, сонымен қатар мемлекеттің террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігіне түсіндірме жұмыстары бойынша департамент басшысының орынбасары Ербол Манақбаевтың төрағалығымен Қызылорда облысы аумағында қызметі жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған өнімдерді қолданумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердің және уран өндіру жұмыстарын жүргізетін шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңесте мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және геологиядағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Әдіджан Дабылов Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиістігін түсіндіріп өтті.

Мекеме тарапынан  Террорлық тұрғыда осал объектілерге қойылатын талаптарына сәйкес мекеменің жасап жатқан жұмыстары бойынша «РУ-6» ЖШС қауіпсіздік қызметінің өкілі Шыңғыс Сыздық және «СервисДалаГруп» ЖШС техникалық директоры Әбілқасымов Ғани баяндады.

Кеңес барысында террористік тұрғыда осал объектілер басшыларынан берілген сұрақтарға тұшымды жауап беріліп, кеңеске қатысушылар өз ойларын ортаға салып, әрі қарай кеңес пікір алмасуға ұласты.

                           Требования промышленной безопасности к системе антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті