Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0805/19
Обеспечение промышленной безопасности.  Проверка готовности предприятия ТОО «НПП «Интеррин» к аварийным ситуациям

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Интеррин» ҒЗӨ» ЖШС кәсіпорнының апатты жағдайларға дайындығын тексеру

Апатқа қарсы жаттығулар оқытудың тиімді құралы, қызметкерлерді күрделі жағдайларда жұмысқа психологиялық дайындау болып табылады. Қауіпті өндірістік объектіде осындай жаттығулардың бірін өткізу туралы осы мақалада баяндалады.

Апатты жою жоспарының іс жүзіндегі жағдайына сәйкестігін анықтау үшін және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасы Заңының (2018 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен) 81-бабының 1-тармағы негізінде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) өкілдері қатысуымен оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулар жүргізіледі.

Нысанды бағалау және тексеру мақсатында персоналмен қосалқы шығу жолдарын білу, өрт сөндіру құралдарын пайдалану және «Интеррин» ҒЗӨ» ЖШС (ЖМ қоймасы) алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үшін оқу дабылы өткізілді. Тексеру Департаменттің тау-кен және кен емес өнеркәсібінде мемлекеттік қадағалау бөлімі «Өрт сөндіруші» АҚФ ААҚС ӨА-64 бөлімшесімен бірлесіп, 1 ӨСЖ – позициясын өңдеу бойынша (түйіршіктелген жарылғыш заттарды дайындайтын стационарлық пункттің су қабатты эмульсия цехындағы өрт) жағдайы бойынша жүргізілді. Сондай-ақ бөлімшелердің дайындық деңгейі, апаттар орнына құтқару қызметінің апатты әскери есептерінің уақытында келуі анықталды.

Оқу дабылын жариялау кезінде шахтада кәсіпорынның 35 қызметкері болған. Оқу дабылын өткізу бойынша жедел жоспарымен сәйкес кәсіпорын БӨП-не түйіршіктелген жарылғыш заттарды дайындайтын стационарлық пункттің су қабаты эмульсия цехында орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Апаттық-құтқару қызметінің жедел взводының бөлімшесі апат орнына шығып, ЖМ қоймасының командалық пунктіне келіп, апаттық-құтқару жұмыстарының жауапты басшысынан тапсырма алды.

Бөлім командирі жеке құрамымен жабдықталуын тексеріп, цех ғимаратына кетті. Жарақтар апат түріне сәйкес таңдалған - өртті сөндіру. Апаттық-құтқару жұмыстарын орындағаннан кейін бөлімшелер тұрақты орналасу орнына кетті.

Сонымен бірге оқу дабылы барысында инженерлік-техникалық қызметкерлердің апатты жою бойынша іс-қимылдарының мониторингі жүргізілді, сондай-ақ апаттық жағдай кезінде қатысушылардың өз лауазымдық міндеттерін білуіне іріктеу сұраулары жүргізілді. Оқу дабылы белгіленген талаптар бойынша, апатты жою жоспарына сәйкес өтті, бірақ тау-кен және кенсіз өнеркәсіптегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің мамандары келесі кемшіліктерді анықтады:

  • күзет қызметкерлері эвакуацияланған персоналдың санын тіркемеген;
  • ӨАҚЖ АҚҚ-64 бөлімшесінің аға өкілі апатқа қарсы жаттығу басшысына келгені туралы баяндамады.

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті