Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1308/19

NH15-K эвакуациялық капюшон-респираторлар шығаратын зауыт ашылды

9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 Индустриалды паркте NH15-K эвакуациялық капюшон-респираторлар шығаратын зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Бахытжан Сәпиев қатысты.

"Akbarys" эвакуациялық капюшон – респираторлар AVON Protection жүйесінің алдыңғы қатарлы Британдық технологиялары бойынша жүргізілетін болады. Олар күкіртті сутекті ортада жұмыс істеу барысында және Қарашығанақ және Теңіз сияқты ірі мұнай-газ жобаларында күкірті бар немесе күкіртті газ ағып кеткен жағдайда қызметкерлерді қорғау барысында пайдаланылады.

QHSE-Akbarys ЖШС — қызметкерлерді күкіртсутектен қорғау, бұрғылау қалдықтарын басқару, жүзеге асырылатын қызмет түрлері бойынша кеңес беру қызметтері, сондай-ақ жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру және жеткізу саласында қызмет атқаратын қазақстандық компания.

 

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті