Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2309/19
В МИИР РК рассказали о подготовке к отопительному сезону 2019-2020 гг.

ҚР ИИМ-де 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтылды

Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік жұмыс жоспарын бекітті, соған сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 15 қазанға дейін барлық объектілерді, оның ішінде автономды қазандық пен инженерлік желілерді дайындауды толық аяқтауы, сондай-ақ барлық автономды жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі қажет.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, Үкімет отырысы барысында 2019 жылдың 19 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өңірлердің жылу беру маусымына дайындық барысы төмендегідей:

Жылу көздеріне қатысты ЖАО арқылы 10 623 автономды қазандықтарды жөндеу жоспарланған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8% дайындалды. Жұмыстар Маңғыстау облысында – 94,2 % (173 нысанның 163 – і), Қызылорда облысында – 99,2 % (640 нысанның 635-і), Шымкент қаласында-99,3 % (269 нысанның 267-де) жалғасуда. Қалған өңірлерде автономды қазандықтардың толық дайындығы қамтамасыз етілген.

Жылу желілерін дайындауға қатысты, жоспарланған 4 990 км ағымдағы кезеңде 4 943 км жылу желілері немесе 99,1% жөнделді. Нұр-Сұлтан қаласында – 73,6 % (18,2 км 13,4), Маңғыстау облысында – 91,7 % (12 км 11), Атырау облысында – 96,8 % (31,5 км 30,5) жылу желілерін жөндеу бойынша дайындық барысы төмен деңгейде.

Сумен жабдықтау желілерін дайындауға қатысты, жоспар бойынша 15 116 км, 14 917 км немесе 98,7 % сумен жабдықтау желілері жөнделді. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша әзірлік деңгейінің төмендігі Нұр-Сұлтан қаласында – 71,6% (10,2 км 7,3), Ақтөбе облысында – 83,8 % (61,3 км 51,4), Түркістан облысында – 89,9 % (96,5 км 86,8), Шымкент қаласында – 90,5 % (1882 км 1704) байқалады.

Білім беру нысандарын дайындауға қатысты. Ағымдағы кезеңде 10 967 білім беру нысаны немесе жоспардан 99,9% дайындалған. Бұл ретте үш өңірде: Нұр-Сұлтан қаласындағы дайындық – 97,7 % (173 объектінің 169-ы), Батыс Қазақстан облысында – 99,5% (630 объектінің 627 – ы), Атырау облысында-99,5 % (406 объектінің 404-ы) дайын емес нысандар қалды.

Денсаулық сақтау нысандарын дайындауға қатысты. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 5 936 нысанды дайындау жоспарланған, оның ішінде 5 921 немесе 99,7% дайындалған. Дайындық барысының Атырау облысында – 95,2 % (147 объектінің 140 – ы), Ақтөбе облысында-98,9 % (349 объектінің 345 – І), Батыс Қазақстан облысында-99 % (386 объектінің 382-і) қалған өңірлерге қарағанда төмендігі байқалады.

Тұрғын үйлерді дайындауға қатысты. Жөндеуге жоспарланған 46 809 тұрғын үйдің 45 908-і немесе 98,1%-ы дайындалған. Тұрғын үй дайындығының төмен қарқыны Батыс Қазақстан облысында-84,5 % (1306 үйдің 1104 – і), Түркістан қаласында – 94,9 % (1475 үйдің 1400 – і), Шымкент қаласында-90,7 % (1889 үйдің 1713-і). Әкімдіктер инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейтуі қажет.

Жалпы көмірмен қамтамасыз етуге қатысты. 2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша көмір өндіруші компаниялар 75,1 млн.тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (77,2 млн. тонна) 97,2%-ды құрайды. Осы кезеңде елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 51,5 млн. тоннаны құрады, оның ішінде:

- энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн. тонна көмір тиелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға аз;

- өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,8 млн. тонна көмір тиелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2% -ға аз.;

-коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 7,1 млн.тонна көмір тиелді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,8% - ды құрайды.

Көмір экспорты 19,8 млн. тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрайды. Сонымен қатар, ЖАО деректері бойынша 2019-2020 жылдар кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және халыққа көмір өнімінің қажеттілігі 10,4 млн.тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 6,1 млн. тонна немесе 58,7% дайындалды. Отын дайындаудың төмен қарқыны Ақтөбе облысында – 16,6 % (37,4 мың тонна 6,2 мың тонна), Нұр-Сұлтан қаласында – 24,5 % (523,5 мың тонна 128,5 мың тонна), Алматы қаласында – 34,5 % (50,2 мың тонна 17,3 мың тонна), Қызылорда облысында – 42,6 % (223,9 мың тонна 95,3 мың тонна) болып отыр.

Елдің, әсіресе солтүстік өңірлердегі ауа-райы жағдайын ескере отырып, ЖАО ең жоғары кезеңде халық арасында дүрлігуді болдырмау мақсатында бюджеттік ұйымдар үшін көмір дайындауды алдын-ала ұйымдастыруды ұсынады.

Автономды қазандықтар үшін отын дайындауға қатысты. Алдағы жылыту маусымында автономды қазандықтарға деген отынның қажеттілігі 1,7 млн.тонна көмір және 105 мың тонна мазутты құрайды. Бүгінгі күні 1 256 мың тонна көмір (71,8%) және 46 мың тонна мазут (44,2%) дайындалды. Автономды қазандықтар үшін көмір дайындау бойынша төмен көрсеткіштер Ақмола (730 мың тоннаның 35,3 % - 258), Батыс Қазақстан (3,3 мың тоннаның 75,8%-2,5) және Ақтөбе облыстарында (39 мың тоннаның 85,1% - 33,2%) байқалады.

Мазут дайындау бойынша төмен көрсеткіштер Ақмола (35,5 мың тоннаның 2,8% - ы), Атырау (3 мың тоннаның 0-І) және Түркістан облыстарында (9,6 мың тоннаның 0-і) байқалады. ЖАО отынды уақтылы сатып алу және әкелу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Дебиторлық берешекке қатысты. 2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд.теңгені құрайды.

Ең үлкен дебиторлық берешек Алматы қаласында – 2,6 млрд.теңге, Нұр-Сұлтан қаласында-1,7 млрд. тенге,  Маңғыстау облысында-1,5 млрд.теңге, Шымкент қаласында – 1,3 млрд. теңге деңгейінде сақталуда. Сондай-ақ, 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласының берешегі 533 млн.теңгеге артты. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда берешектің төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд.теңгеге және Нұр-сұлтан қаласында 568 млн. теңгеге жетті. Сонымен қатар, дебиторлық берешек бойынша ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында (5 млн.теңге) байқалады. Бұл әкімдік пен коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын көрсетеді. Қалған әкімдіктер дебиторлық берешекті азайту жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет. Жылыту маусымына дайындық мәселелері Министрліктің тұрақты бақылауында болады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті