Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1810/19
ПРОВЕДЕНО СЕЛЕКТОРНОЕ СОВЕЩАНИЕ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ УГЛЕМ КОММУНАЛЬНО-БЫТОВОГО СЕКТОРА И НАСЕЛЕНИЯ

КОММУНАЛДЫҚ ТҰРМЫСТЫҚ СЕКТОР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ КӨМІРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША СЕЛЕКТОРЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 10 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары  Б. Ш. Сәпиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың, Сауда және интеграция министрлігінің және «ҚТЖ «ҰК» АҚ қатысуымен коммуналдық тұрмыстық секторды және халықты көмірмен қамтамасыз ету бөлігінде жылыту маусымына дайындық барысы туралы селекторлық кеңес өткізілді .

Әкімдіктер жылу беру маусымына толық дайындығын атап өтіп, көмірмен қамтамасыз ету жоспар бойынша және мерзімде жүріп жатқанын айтты. Министрлік әкімдіктерге коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмір дайындау жұмыстарын күшейту жөнінде ұсыныстар берді.

Сауда және интеграция министрлігінің өкілі 2019 жылғы 23 тамыздағы № 24 жаңа бұйрыққа сәйкес тауар биржалары арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері 60,0 тоннаға дейін қысқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, бұл бұйрықпен қосарлы қарсы жасырын аукцион режимі қарастырылған.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның өкілі көмір өндіруші кәсіпорындардың жартылай вагондарды жеткізуге бас тарту хаттары мен жүк тиеу көлемінің өткен жылмен салыстырғанда 5% - ға азайғаны туралы мәлімдеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті