Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2903/19
Международная научно-практическая конференция  «Инновации в области естественных наук как основа экспортоориентированной индустриализации Казахстана»

«Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырылуы негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының 10 жылдығын және Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының  25 жылдығын тойлау шеңберінде ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырылуы негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Н.А.Назарбаевтың – Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жаратылыстану ғылымдары, минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу саласындағы қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер, өңдеуші сектордағы инновациялық әзірлемелер нәтижелерін талқылауға арналған.

Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша пленарлық отырыс және панельдік сессия тәртібінде өтеді:

  • Тау-кен ісі мен байытудағы заманауи технологиялар; 
  • Қара металдар мен ферроқорытпалар металлургиясы: теориядан коммерцияландыруға дейін; 
  • Түсті, асыл және сирек кездесетін металдар металлургиясы: отандық және халықаралық тәжірибелер;
  • «Индустрия 4.0» бағдарламасын жаратылыстану-ғылыми қамтамасыз ету.

Конференция жұмысына мемлекеттік орган өкілдері, соның ішінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласы, Қызылорда қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ғылым академиясының бірінші басшылары (ҚазҰЖҒА, ҚР ҰҒА, ҚР ҰИА, ҚР МРА, МАИН), тау-кен металлургия саласындағы жетекші отандық кәсіпорындардың («Қазмырыш» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АК Алтыналмас» АҚ, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «АтыгайГолдМайнинг» ЖШС және басқа да көптеген) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, университеттердің ректорлары мен проректорлары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, SatbayevUniversity, Абай атындағы ҚазҰПУ; Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ - ҚР Тұңғыш Президентінің жоғары оқу орны, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті), Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ басшылар құрамы, Польша ғылым және технология университетінің проректоры, Қытай, Германия, Швейцария тау-кен металлургия кәсіпорындарының басшылары, Қазақстан мен шетелдердің жетекші ғылыми ұйымдарының ғалымдары қатысатындықтары расталып отыр.

Конференцияны өткізу орны: 4 сәуір - Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 77/7, РИТЦ-КАРЛТОН Алматы қонақ үйі; 5 сәуір - Алматы қ., Жандосов көшесі, 67, «ҚР МШКҰ ҰО»  РМК.

Сіздерді осы іс-шараны жариялауға шақырамыз.

Аккредитация үшін байланыстар:

Тел.: +7 777 5879192

secretar_rgp@mail.ru

«ҚР МШКҰ ҰО» РМК Бас ғылыми хатшысы Ефремова Светлана Владимировна

Аккредиттеуді е-mail  мекенжайы бойынша 2019 ж. 3 сәуір сағат 17:00-ге дейін тапсыруды сұраймыз.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті