Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2208/19

Қазақстанда фармацевтика саласы өнімдерінің өндіріс көлемі өсуде

2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде фармацевтика саласындағы өнім өндірісінің көлемі 4 есе, 19,9 млрд.теңгеден 78,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 154 ұсақ кәсіпорындар бар, оларда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

2010-2018 жылдар аралығында 30 жоба іске асырылды, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, аталған жобаларды іске асыруға салынған инвестиция көлемі 45 млрд.теңгені құрады.

Индустриялық бағдарламаның бірінші бесжылдығы аясында, салаға тартылған инвесторлар Польша, Түркия, Қытай және Ресей мемлекеттері. Бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібінде 28,8 млрд. теңге сомасына 3000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 24 жаңа жоба іске асырылды.

Саланың ең маңызды жобалары: Шымкент қаласында "Химфарм" АҚ-да өндірістік қуаттарды кеңейту; Алматы қаласында дәрі-дәрмек өндіру жөніндегі фармацевтикалық фабриканы жаңғырту; Алматы облысында "ЭЛЕАС" фармацевтикалық зауытын салу; Алматы облысында "Сұлтан" ЖШС фармацевтикалық зауытын салу; Павлодар облысында "Мерусар и К" ЖШС ИСО 13485-2003 халықаралық стандартына сәйкес ассортиментті арттыру арқылы жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту болып табылады.

Сонымен қатар, екінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша 16,2 млрд.теңге сомасына 6 жоба іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Осылайша, Алматы облысында "АбдиИбрахимГлобалФарм" БК ЖШС фармацевтикалық зауытының құрылысы; "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегінің құрылысы; Алматыда бикарбонаттық картридждер өндірісі іске қосылды; Шымкент қаласында "Marai E7group" ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыттың құрылысы; Алматы облысында қуаты 200 млн. таблетка өндіретін "Химфарм" АҚ-да қатты пероральді формалар өндіретін цех өз жұмысын бастады; Шымкенттегі "Химфарм" АҚ-да инъекциялық және инфузиялық препараттар өндіру цехының базасында стерильді емес ерітінділер өндірісі басталды.

Осы жобалардың барлығы елімізде бұрын өндірілмеген фармацевтикалық өнімнің ассортиментін кеңейтуге және фармацевтикалық өнім экспортының көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2018 жылы "Химфарм" АҚ инъекциялық және инфузиялық препараттар өндіру цехының базасында стерильді емес ерітінділердің жаңа өндірісін іске қосты. Жаңа желіде дәрілік заттардың номенклатурасын ұлғайту мүмкіндігі бар 7 препарат шығарылады. Қуаты жылына 3 млн. бөтелке препараттарын шығаруға мүмкіндік береді.

2019 жылы компания ылғалды түйіршіктеу учаскесін іске қосуды және зертханаларды GMP стандартына сәйкес жаңғыртуды жоспарлап отыр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті