Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2307/19

Қазақстанда 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта құрамында алтыны бар 11 742,4 мың тонна кен рудасы өндірілді

Сондай-ақ жыл басынан бері 25,9 тонна тазартылған алтын өндірілді, ірі аффинаж кәсіпорындары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС және "Тау-Кен Алтын"ЖШС.

2018 жылы құрамында алтыны бар кен өндіру көлемі 20,8 млн. тоннаны құрады, ол өткен жылға қарағанда 2,9%-ке өскен. Өңделмеген алтын өндіру көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 14,2%-ке өсіп, 97,4 тоннаны құрады. 2018 жылы тазартылған алтын өндіру көлемі 53,1 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көлемінен 20,4%-ке артық (оның ішінде "Қазцинк" ЖШС-11,0 тн, "Тау-Кен Алтын" ЖШС - 22,2 тн, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-6,1 тн, "Қазминералс" ЖШС-1,7 тн).

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заң қабылданды, ол ел ішіндегі құрамында алтыны бар шикізатты өңдеуге бағытталған.

Елдің өңдеу өнеркәсібіндегі зергерлік саланың үлесі өте төмен – 0,01% құрайды. Ресми деректер бойынша, 1989  ЖК және заңды тұлғалар зергерлік бұйымдар бойынша Қазақстандық салық есебінде тіркеуде тұрады. Қазақстандық саланың қызметі бұқаралық сегментке ұсынылған. Зергерлік бұйымдарды өндіру динамикасы елдегі жалпы экономикалық ахуалға айтарлықтай ықпал етеді. Зергерлік нарықтағы сұраныс халықтың әл-ауқатының деңгейімен және оның төлем қабілеттілігімен анықталады.

Алайда, Қазақстанның алтын өндірісі бойынша мықты позициялары бар. Осыған қарамастан, олардың зергерлік бұйымдарды шығару ауқымы елеусіз қалып отыр, өйткені ломбардтар мен қара нарық зергерлік өндіріс алтынының дәстүрлі жеткізушілері болып табылады.

2017 жылы зергерлер үшін Лондон биржасының бағасы бойынша  ҚҚС-сыз жылына 300 килограмм алтын мөлшерінде квота бөлінді. Сол жылы жергілікті зергерлік бұйымдарды өндірушілер 36 кг алтын сатып алды. Салық кодексінің жаңа редакциясына сәйкес алтын сатып алу үшін ҚҚС төлеу міндеттемесі қайта енгізілді.

Айта кету керек, Қазақстан бай шикізат базасына ие. Қазақстан алтынының баланстық қоры 01.01.2018 ж. жағдай бойынша 2,4 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта шамамен 190 компанияның республиканың алтын кен орындарын игеруге құқығы бар. Сала мынадай ірі кәсіпорындардан тұрады: өңделмеген алтын өндіру және өндіру бойынша–"Алтыналмас АК" АҚ, "AltyntauKokshetau" АҚ, "Полиметалл" АҚ, "Қазақалтын ТКМК" АҚ, "ФИК"Алел» ЖШС; алтын тазалау өндірісі бойынша "Тау–Кен Алтын" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, Kazminerals (Шығыстүстімет).


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті