Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0304/19
Казахстан и Россия приняли Программу совместных действий в области производственной кооперации

Қазақстан мен Ресей өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасын қабылдады

2019 жылдың 3-сәуірі күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары аясында Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасына қол қойылды.

Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров қол қойды.

Бірлескен іс-қимыл бағдарламасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар арасындағы екіжақты жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған және жаңа өндіріс базаларында іске асыру көзделіп отыр.

Бағдарламаның іске асырылуы Қазақстанда ауыл шаруашылық, жүк және жеңіл автокөліктер зауытын құруға, тыңайтқыш өндіру зауытымен қоса КАМАЗ, АВТОВАЗ, ГАЗ, ПАЗ және т.б. ресейлік компаниялардың қатысуымен автомобиль компоненттерін және қосалқы бөлшектерді 1,2 млрд. АҚШ долларына өндіруге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп екі ел экономикасын байланыстырушы буын, ал бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар Қазақстан өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті