Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1204/19
МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ ДАЛО СТАРТ ВТОРОМУ ЭТАПУ ПОДГОТОВКИ КОНГРЕССА АММ 2019: УТВЕРЖДЕННА ПРОГРАММА ФОРУМА

ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АММ 2019 КОНГРЕСІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАДЫ: ФОРУМ БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

2019 жылғы 8 сәуірде АММ 2019 тау-кен металлургия Конгресіне дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті, оның аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Аманияз Ержанов Конгрестің ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды..

Отырыста келесілерге қол жеткізілді:

  • «АММ-2019» Конгресінің іс-шаралар бағдарламасы бекітілді.
  • «Тау-кен өндіруші және тау - кен металлургия кәсіпорындардың Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі-ТМКҚ) «технологиялық жаңғырту жағдайындағы көмір өнеркәсібінің жаңа мүмкіндіктері» көмір форумын ұйымдастырушы болады.
  • 2019 АММ конгресінің ұйымдастырушылары ТМКҚ - мен бірлесе отырып

    Қ. И. Сәтбаевтың мерейтойына және ҚазҰТУ-ға арналған іс-шара алаңында фотоэкспозиция ұйымдастырады.
  • «Sareco» БК мен «Тау-Кен Самұрық» компаниялары АММ 2019 конгресінде сирек кездесетін металдар бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

Сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің отырысы кезінде ірі тау-кен металлургиялық компаниялардан форумның іскерлік бағдарламасын дайындау, 2019 жылғы 12-13 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін АММ 2019 конгресіне спикерлер мен делегаттарды тарту бойынша ұсыныстар алынды.

Алдағы оныншы кеншілер мен металлургтар кездесуіне 60-тан астам әлемдік сарапшылар, 12 елден 500 делегат қатысады.

Екі күн ішінде қатысушыларды мазмұнды іскерлік бағдарлама күтіп тұр. Бүгінде «АММ» Конгресінің негізгі желісі – «Цифрландыру және инвестициялық көкжиектер» және негізгі тақырыптық сессиялар: «Өндіру мен өңдеуді цифрландыру, ТМК-де өндірістік процестердің тиімділігін арттыру», «Инвестицияларды тарту және минералдық-шикізат базасын толықтыру», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексіндегі құқықтық реттеудің тартымды аспектілері». Бағдарлама форумдарға, презентациялық сессияларға, техникалық семинарларға, дөңгелек үстелдерге және мастер-класстарға енетін болады.

АММ 2019 Конгресінің және көрмесінің мемлекеттік серіктесі-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Алтын серіктестер: Еуразиялық Топ (ERG), «Қазмырыш» ЖШС, KAZ Minerals Тобы және «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС.

Ұйымдастырушылар: Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE компаниялар тобы.

Конгресс туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған amm.kz

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті