Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0810/19
Сотрудничества между Казахстаном и Японией по внедрению энергоэффективных технологий в энергетическом секторе

Энергетикалық секторда энергия тиімді технологияларды енгізу бойынша Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Жапония арасындағы энергетикалық секторда энерготиімді технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында, 4 қазанда Нұр-сұлтан қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ (EEDI) және Жапония экономика және энергетика институтының (IEE) бірінші басшылары, Kawasaki Heavy Indusrties ltd жапон делегациясы арасында келіссөздер раунды өтті., ITOCHU Corporation және ҚР Жапония елшілігі.

Қазақстан тарапын білдіретін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі, Аманияз Ержанов келіссөздер барысында Қазақстан Үкіметі үшін энергия тиімділігі және инвестиция тарту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. "Қазақстандық кәсіпорындар тарапынан дәстүрлі әдіспен таза энергияны өндіруге мүмкіндік беретін технологияларға қызығушылық жоғары", - деп толықтырды вице-министр.

Жапон тарапынан ко-генерация есебінен энергия үнемдеудің ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізетін Kawasaki газтурбиналық қондырғылары таныстырылды, соның арқасында IEE Президенті Тойод Масакадз мырзаның айтуы бойынша Қазақстанға ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша қойылған міндеттерге жылдам қол жеткізе алатын болады.  

Екі тарап өзара тиімді ынтымақтастық туралы пікір алмасты, оны тиімді дамыту үшін жапондық технологияларды енгізу бойынша зерттеу Маркетингтік шолуын өткізу туралы келісті, ол үшін EEDI осы бағыттағы IEE-мен бірлесіп жұмысты бастау тапсырылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті