Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0802/19
В Астане рассмотрены минимальные стандарты энергоэффективности электрических приборов и оборудования

Астанада электр аспаптары мен жабдықтарының энергия тиімділігінің төменгі стандарттары қарастырылды

Бүгін Астана қаласында ҚР Үкіметі, Қазақстанда БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы және Жаһандық экологиялық қордың «Қазақстанда тұрмыстық электр аспаптары мен жабдықтарының энергия тиімділігінің стандарттары, сертификаттау және таңбалау» бірлескен жобасын басқару комитетінің үшінші отырысы өтті.

Отырыста электр аспаптары мен жабдықтарына энергия тиімділінің төмен стандарттарын енгізу мәселелері, сондай-ақ тұрмыстық жабдықтарды сынақтан өткізу және сертификаттау жүйесін ұйымдастыру үшін сынақ зертханаларын құру бойынша қазіргі жағдай қарастырылды.

Энергия тиімділігінің тұрмыстық аспаптарының экологиялық артықшылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта 3 айға созылған дисконттық бағдарламаның қорытындылары талқыланды. Дисконттық кампания пайдалануда болған электр жабдығын кәдеге жаратуға өткізу шартында энергия тиімділігі тұрмыстық жабдықтарды сатып алуға жеңілдіктер беруді көздеді.

Бұдан басқа, Комитет отырысының шеңберінде Жобаны іске асыру бойынша 2018 жылғы есеп таныстырылды, сондай-ақ 2019 жылға арналған Жобаны іске асыру  жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті