Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ САРАПТАМА ЖАСАУ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ

Мемлекеттік қызметті "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО);

3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016833 № 26 бұйрығы

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017150 № 451 бұйрығы

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.mid.gov.kz, "Комитеттер" бөлімінде;

2) Көрсетілетін қызметті берушінің www.kidi.gov.kz ;

3) КҚКО-ның www.palata.kz, www.business.gov.kz.

4) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 98-37-81 (ішкі нөмірі 1059, 1027, 1058, 1023, 1022).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414

 

 

Қазіргі уақытта бұл терминмен сыныпталған мазмұны жоқ.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті