Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

ЭНЕРГИЯ АУДИТОРЛАРЫНА КАНДИДАТТАРДЫ АТТЕСТАТТАУ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты – уәкілетті орган беретін және энергия аудиторының Заңның 5-бабы 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілген, қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.

Энергия аудиторларының тізілімі - энергия аудитін жүргізу құқығы бар энергия аудиторларының бірыңғай тізімі. Тізілім қызметті берушінің http://comprom.miid.gov.kz/kk/pages/tizbeler интернет-ресурсында орналастырылған.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің http://comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-49-16, 8 (7172) 75-45-25

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:

(1414).

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014973 № 112 бұйрығы.

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015239 № 294 бұйрығы

Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012587 № 1123 бұйрығы.

 

 

Қазіргі уақытта бұл терминмен сыныпталған мазмұны жоқ.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті