Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

0410/19
Контракты на 16,3 млрд тенге были заключены на третьей «Бирже субконтрактов», организованной Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен ұйымдастырылған үшінші «Субконтракт биржасында» 16,3 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды

2019 жылғы 4 қазанда Нұр-Сұлтан қ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұйымдастырылған «Субконтракт биржасы-2019» өтті.

Іс-шараға қазақстандық ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, жүйе құрушы кәсіпорындар, сондай-ақ, даму институттары қатысты.

Биржа қатысушыларының арасында – «Еуразиялық топ», «Қазцинк», «Қазақмыс корпорациясы», «Қазтеміртранс», North Caspian Operating Company N.V., KAZ Minerals тобы, Karachaganak Petroleum Operating B.V., PSA Kazakhstan, «АрселорМиттал Теміртау», «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын ТКК» және машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салалардың отандық тауар өндірушілері.  

Жергілікті қамту үлесін ұлғайту, қазақстандық бизнесті қолдау, дамыту және ішкі нарықта олардың әлеуетін ашуға ықпал ететін тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісінің мәселелері бойынша кооперациялық байланыс орнату үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тиімді B2B кездесулер ұйымдастыру Биржаның негізгі мақсаты болып табылады.

Биржа өткізілген үш жылда  «Субконтракт биржасы» өзін ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өзара іс-қимылының маңызды алаңы ретінде көрсетті. 2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» алаңында ұйымдастырылған Биржада отандық компаниялар арасында 6 кооперациялық келісім жасалды. 2018 жылы отандық өндірушілердің тауарларын ішкі нарықта жылжыту және импорт алмастырушы өндірістерді дамытуға жәрдемдесу мақсаты болып табылатын 6 үш тарапты келісім мен

2 екі тарапты меморандумға қол қойылды.

Биржа-2019 қорытындысы бойынша KAZ Minerals тобы («ВостокЦветМет» ЖШС,  «ҚАЗ Минералз Ақтоғай» ЖШС және «ҚАЗ Минералз Бозшакөл» ЖШС) кәсіпорындары және отандық тауар өндірушілер «Новопек» ЖШС, «ComTrade Product» ЖШС және «IC textile» ЖШС арасында жалпы сомасы 16,3 млрд теңге келісімшарттарға қол қойылды.


© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Industrial development and Industrial safety committee