Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына бір жолғы лицензия алу

Жекелеген тауарлар түрлерінің импортын және экспорттын лицензиялау Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V ҚРЗ Заңымен  ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

 Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі «Тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялықэкономикалық Алқаның 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген.

Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен бекітілген.

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулық Еуразиялық экономикалық коммисияның 2014 жылғы 6 қазандағы № 199 шешімімен бекітілген.

Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 6-қосымшамен белгіленген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53.байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.

1.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000240 № 240-V ҚРЗ

2. http://adilet.zan.kz/rus/docs/H15EK000030 № 30

3.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011074 № 67

4.http://adilet.zan.kz/rus/docs/H14EK000199 № 199

5.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636#z146 № 563

6.www.adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011630 № 619

© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Industrial development and Industrial safety committee